АБАЙ ОБЛЫСЫ: СОҒЫС ҚҰРБАНДАРЫНА ҚҰРАН БАҒЫШТАЛДЫ

Екінші дүниежүзілік соғысқа елімізден аттанған майдангерлер мен хабар – ошарсыз кеткен боздақтардың рухына Құран оқылып, дұға бағышталды.

Еске алу, дұға ету шарасы Семей қалалық Тыныбай мешіті мен Қосмұнаралы мешітінде жүзеге асты. Бесін намазынан кейін құран оқылып, ел тәуелсіздігін аңсап кеткен  рухына дұға бағышталды.  Халқымыздың бірлігі мен ынтымығын сақтау, тәуелсіз еліміздің мәртебесі қашанда биік болуын тіледі. Сұрапыл соғыстан отбасыларына оралмаған, Отаны үшін шейіт болған марқұмдар рухына Құран бағыштап, дұға жасады.