ҚМДБ жанынан құрылған РАНТ мүшесі, Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы – Елбек Тасболатұлы Абай облысына ресми іс-сапармен келіп, бірқатар кездесулер мен уағыз-насихат жиындарына қатысты. Атап айтқанда, Абай облысының орталық мешітінің жамағатымен жүздесіп, құптан уағызын жүргізді.
Сондай-ақ, екі күн қатарынан Абай облысы имамдарының білім жетілдірусеминарларында “Шариғат негіздері”, “Ислам құқығы” тақырыптарында дәріс оқыды.
Абай облысы өкілдігінің ұйымдастыруымен өткен “Адалдықтың жаршысы – Мұхаммед” атты рухани Мәуліт кешінің қадірлі қонағы болып, кешке жиналған көрермендерге уағыз – насихат айтты. Сонымен қатар, “Абай Құнанбайұлы” атындағы орталық мешітінде жұма уағызын айтып, жұмаға келген жамағаттармен жүздесіп қайтты.
Сондай-ақ, “Мұнара” телеарнасының Абай облыстық филиалында “Сәті түскен сұхбат” бағдарламасында сұхбат беріп, бірқатар діни мәселелер төңірегінде өзінің пікірлерін, шариғат үкімдерін баяндады.



























Пікір қалдыру