Аягөз қаласында Жастар орталығымен мешіт жастары “Бақытты балалық шақ” акциясы аясында қаламыздың белсенді, қайырымды жандары Ватсапп желісінде құрылған “Қайырымды жандардың” қолдауымен «Қайырым етсең –қайырымдылық көресің, Мейірім етсен –мейірімділік көресің» – деген ұстанымды алға қойған қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Наурыз мерекесінде өткізілген жəрмеңкеден түскен қаржыға №2, №4, № 5, №6 орта мектептерінің әлеуметтік аз қамтылған отбасы оқушыларына 20 – дан астам (аяқ қиім) материалдық көмек көрсетілді. Қайырлы іс қабыл болып, мейірімді жандарымыз көбейе берсін.
Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі.