Қасиетті Рамазан айында ораза ұстау қандай сауапты іс болса ауызашар беру сондай сауабы мол амал екенін Пайғамбарымыз (с.ғ.с) хадис шарифінде айтылған. Бесқарағай ауданы имамының ұйымдастыруымен аудандық мекеме басшыларының қолдауымен орталық мешіте ауызашар дастарханы жайылдып,қасиетті айда ораза ұстаған мекеме басшылары, мешіт жамағаты, аудан әкімінің міндетін атқарушы Ерболат Еренұлы,аудандық Нұр Отан партиясының бірінші орынбасары және әлеуметтік жағдайы төмен ауыл тұрғындары ауыз ашты. Ауызашарға жиылған жамағат тілектерін айтып, аудан имамы Серікжан Аманұлының Рамазан айының қасиеті, бұл айдағы жақсылық пен қайырымдылық істерінің еселенетіндігі жайында және ауызбіршілік пен бірлік бар жерде береке болатыны жайында айтқан уағыз-насихатын тыңдап, осындай игілікті шаралар ауыл мешіттерінде де жалғасын тапсын деп ниеттерін білдірді.
Бесқарағай орталық мешітінің баспасөз қызметі.