ҚМДБ-ның Семей аймағы бойынша өкіл имамы Алтыбай Мақсат Қуанышұлы «Қазақстан – Семей» телеарнасында «Сана мен Сапа» бағдарламасына қатысып, сұхбат берді. Сұхбатты белгілі ғалым Тұрдықұл Шаңбай жүргізді. Сұхбат барысында Семей аймағында атқарылып жатқан жұмысы жөнінде сөз болды. Атап айтсақ, жастар арасында үгіт-насихат жұмыстары және тәрбие танымдық, басқа да қоғамдық іс-шаралары көптеп өткізілуі. Сондай-ақ, мешіттер жанындағы діни сауат ашу курстарында шәкірттердің көбейуі, оқу ісіне жаңа бағдарламаларды енгізіп, ең бастысы жастардың бос уақыттарын тиімді өткізу үшін барынша жағдай жасалуда. Өкіл имам Алтыбай Мақсат Қуанышұлы Елбасымыздың халыққа арнайы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа Жолдауында ел экономикасын өркендетіп қана қоймай, білімді дамыту, руханиятымызды жаңғырту, қауіпсіздік шараларын күшейту, діни экстремизмді алдын алу, қылмыстық жазасын өтеп жатқан азаматтарды теологиялық тұрғыдан сауаттандыру «Діни экстремизмді насихаттаудың алдын алу, әсіресе интернет пен әлеуметтік желіде оның жолын кесу жұмысын жүргізу», – керек екендігін айтып өтті. Бүгінгі таңда аса өзектілігі білініп отырған «Жаназа және жерлеу рәсімдері» жан тәсілім ету, мәйітті жуындыру, кебіндеу, жаназа намазы, жерлеу рәсімдері және қабір мәселелері, қабірді зиярат етуге қатысты діни жоралғыларды бірізділендіру мәселелері турасында сөз болды. Рухани жаңғыруға байланысты, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының, жаңадан шыққан басылымдар турасында «Жаназа және жерлеу рәсімдері» Пәтуа кітабі, 4 құжат «Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы», «Мұсылманның тұлғалық бейнесі», «ҚМДБ қызметкерінің этикасы», «Имамның тұлғалық келбеті» кітаптарын тілге тиек етті. Сұхбат соңында, енді менің ойымша деген сөзді азайтып, тек осы басылымдармен амал ету қажет екендігін жеткізді.
Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.