Аягөз қалалық мешітінде Астанадан келген мешіт жанашырлары мешіт қызметкерлерімен ақылдасар алқасына ақ дастархан жайды. Ас алдында бұл әулеттің дүниеден өткен ата – бабаларына құран бағышталды. Мешіттің бас имамы Думан Нәдірұлы Ережеп айының қасиеті жайлы уағыз – насихат айтты. Орталық мешітте атқарылып жатқан ізгі істерге разы болған бұл әулет ағалары алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді.
Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі