«Суицидтің алдын алу жолдары» тақырыбында кездесу өтті

Семей  қаласы  ҚР. Ішкі Істер Министірлігі полицейлердің білімін жетілдіру орталығы мәжіліс залында Семей «Қос мұнаралы» орталық мешітінің наиб имамы Баешов Бекзаттың қатысуымен «Суицидтің алдын алу жолдары» тақырыбында кездесу өтті.

Кездесуге облыстық психо-наркологиялық диспансердің психологы, Семей қаласы ішкі саясат бөлімінің конфессияаралық қатынастардың мәселелерін зерттеу және сараптау орталығының» инспектор, дінтанушылары қатысты.

Қалалық  ЖАНТ мүшесі, орталық мешітінің наиб имамы Баешов Бекзат ардақты пайғамбарымыздың (Алланың оған сәлемі мен игілігі болсын) хадистері бар екенін айтып жеткізді. Және де суицидтің жалпы шыққан тарихы, термин болып қалыптасуы, түрлерге бөлінуі және ол дерттің алдын алу туралы толықтай мағлұмат берді. Ислам дінінің суицидтке деген көзқарасы, ол іс әрекеттің үлкен күнә және де  қиын жағдайға тап болған кезде қол сілтемей, мықты жігерлік ұстану қажет екенін жеткізді. Жиынға елудей полиция қызметкерлері қатысты.

Кездесу соныңда түрлі сұрақтар қойылып, қанағаттанарлықтай жауаптар берілді.

 

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.