Баяғыда қала әміршісі қарапайым киіммен шаһар базарларын аралап халықтың хал-ахуалымен танысып шығады екен. Базар ішін аралап жүріп саудагер мен баласының арасындағы қызық әңгімеге куә болды.
Әңгіме барысында әкесі: Балам, қанша досың бар?,-деп сұрайды. Жігіт аз-кем ойланып: қырық досым бар,-деп жауап береді. Саудагер жігіт боп қалған баласының жауабына көңілі толмай: Елу жасқа келдім. Осы күнге дейін бір жарым ғана дос таптым,-дейді.
Қала әміршісі түні бойы көз ілмей саудагер сөзінің мәнін ойлап шықты. Ертесіне ең әуелі боп сарайына саудагерді арнайы шақырады.
Оған: Балаң екеуің орталарыңдағы болған әңгімені өз құлағыммен естідім. Бір жарым досым бар дегенің не?,-деп сұрайды.
Саудагер: Сөзімді айтып түсіндірудің бір ғана жолы бар. Қалаға менің қылмыс жасап, тұтқынға алынғанымды. Жаза ретінде өлімге кесілгенімді жариялаңыз. Сонда менің сөзімнің мән-мағынасын өз көзіңізбен көресіз,-дейді.
Әміршінің жаршылары қаланы аралап жүріп хабар таратады.
Көп кешікпен саудагердің жора-жолдастарының бірі келіп:
— Әміршім! Мен досымның қылмысы өтемі ретінде мал-дүниемнің тең жартысын беруге әзірмін,-дейді.
Әмірші:
— Бұл жеткіліксіз, ол өлім жазасына кесілді,-дегенде, саудагердің досы:
— Олай болса, бар жиған-терген дүниемді берейін,-деп ұсынды. Әмірші: болмайды, жазасы – өлім,-деп бас тартты.
Досы саудагерге қарап тұрып: «Досым! Бар дүниемді беріп тұрмын, алайда амал нешік. Сенің алдыңда достық борышымды өтей алдым ба?»,-деп сұрайды.
Саудагер:
— Иә, ризамын. Саған рахмет,-деді.
Мұнан кейін саудагермен қоштасып, досы сарайдан шығып кетеі. Артынан іле-шала саудагердің тағы бір досы кіріп келді. Ол ай-шайға қарамастан:
— Уа, әміршім! Қылмыс жасаған мен едім. Бейшара кісінің ешбір қатысы жоқ. Ол бар болғаны, сонда куә болғаны үшін айыпты,-деп айтып салды.
Әмірші таңырқап:
— Ол өлім жазасына келісіп тұр. Сонда сен саудагердің орнына жазаға дайынсың ба?,-десе де, саудагердің досы:
— Иә, қылмыскер мен. Оның ешбір қатысы жоқ, — деп райынан қайтпады. Жазалау уақыт сәті келгенде, тағы да «сөзіңнен қайтуға соңғы мұрсаты беріледі»,-деп ескертті.
Саудагердің досы: Әрине, қылмыс жасаған мен, саудагердің ешбір қатысы жоқ,-деп сөзінен айнымады.
Осы кезде саудагер кіріп келіп, досына дән риза боп құшағына алды. Ал, әмірші саудагердің бір жарым досым бар деген сөзінің мәнін ұғынған екен.
Жарты дос бар дүниесін құрбан етуге дайын дос. Ал бүтін дос өмірін қиюға да әзір дос. Шынайы достық осындай. Ал, қиссаны оқып шыққан құрметті оқырман сіздің қанша досыңыз бар?
Пайғамбарымыздың ﷺ өмірін еске алайықшы. Мекке қаласының тұрғындары түгелімен оны Садық Әмин, яғни шыншыл, аманатшыл деп атайтын. Оның бұл қасиеттерін қас дұшпандарының өздері де мойындайтын.
Әбу Жәһил пайғамбарымыздың ﷺ қанша жеккөрсе де іштей оның шыншылдығын мойындайтын. Әбу Жәһилден: ол шындықты айтады ма, әлде өтірікші ме?,-деп пайғамбар жайлы сұрағанда: Сорың құрысын! Мұхаммед — шыншыл. Мұхаммед бірауыз өтірік айтпаған. Бірақ Құсай әулеті ту көтеру, су тарату, Кағба жабуын жабумен қатар, пайғамбарлықты да алса, басқа Құрайыш ішіндегі әулеттерге не қалады?,-деп ағынан жарылған екен. Құсай – пайғарымыздың ﷺ бесінші атасы.
Ал, аманатшылдығына келсек, Құрайыш он ﷺ пайғамбар деп мойындамаса да, өз мал-мүліктерін аманат ретінде пайғамбарымыздың ﷺ шаңырағына тапсыратын.
Ал, Пайғамбарымыз ﷺ Мадинаға һижрет еткен кезде, жұрттың аманатын иелеріне табыстау үшін Әли бин Әбу Талибті қалдырған еді.