Асыл дініміз әркезде қарияларды сыйлауға үндейді. Қарты бар үйдің қазынасы бар демекші 1 казан қарттар күніне орай ауданымызда ақ жаулықты аналарымыз бен ақ сақалды қарияларымызға құрмет көрсетілді. Құнанбай қажы мешітінің бас имамы Самырбаев Болат ауылымыздағы жалғызбасты ана Шайза апаны, 91 жасқа келген Минаш апаны, Құнанбай қажының ұрпағы, ардагер атамыз, ауылымыздың ақсақалы Манатай атаны үйлеріне арнайы барып қал жағдайын сұрап, мерекелерімен құттықтап, Құнанбай қажы мешіті атынан арнайы сый сияпатын берді. Манатай атамыз ақыл кеңесін айтып, батасын беріп, ризашылығын айтты.
Абай ауданы Құнанбай мешітінің баспасөз қызметі.