Бүгінде жаңа мешіттің құрылысы белсенді жүргізілуде. Құрылыс алаңына барып, жұмыс барысымен танысқан қала әкімі Ермак Сәлімов коммуналдық мекемелерге мешітке қажетті барлық инженерлік коммуникацияларды ұсыну мәселесін жақын арада шешуді тапсырды.
Ал құрылыс компаниясының өкілі Тұрсын Тастекеев қала әкіміне ғимаратқа шыны күмбез орнатылатынын айтты.
«Алматыда осындай заттарды шығаратын зауыт бар. Қазір біз келіссөздер жүргізудеміз. Бұл күмбез мешіттің іші жарық болуына мүмкіндік береді», – деді Т. Тастекеев.
Жоба бойынша 2700-3000 адамға есептелген мешіт мұнарасының биіктігі 37 метрді құрайды. Ғимараттың төменгі қабаттында қатымхана орналасып, мешіт алдында 700 көлікке арналған автотұрақ салынатын болады.
Сондай-ақ жаяу жүргіншілерге арналған арнайы көпірлер бой көтереді.
Еске сала кетейік, 10 жыл тұралаған мешіттің қүрылысы өткен жылдың маусым айында қайта басталған болатын.