Шәкірттер сауат ашу курсын  тәмамдады

Семей қалалық «Қос мұнаралы» орталық мешіт және «Тыныбай» қалалық  шәкірттері сауат ашу курсын сәтті тәмамдады. Жыл басынан бері әйел кісілер діни сауат ашып, дәрістер алып келеді. Сауат ашу курсының  ұстаздары  Құран, иман негіздері, шариғат негіздері, намаз оқып-үйрену сабақтарынан дәріс беріп, Сонымен қатар ұлттық асыл құндылықтарымызды дәріптей отырып тәрбиелік сағаттар жүргізді.  Шараға Семей аймағы бойынша  өкіл имамы Мақсат Алтыбайұлы және «Тыныбай» қалалық мешіт бас имамы Біржан Аманжолұлы қатысып, шәкірттерге ілім үйренудің артықшылығы, қасиетті Құран Кәрімді оқып оны үйретудің дүние және ақыреттегі дәрежелері турасында айтып шәкірттер қауымына өз алғыстарын білдіріп, жылы лебіздерін жеткізді

 

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.