АБАЙ ОБЛЫСЫ: “МҰНАРА” ТЕЛЕАРНАСЫМЕН ТҮСІРІЛІМДЕР ЖАЛҒАСУДА

Республикалық “Мұнара” телеарнасымен жоспарланған түсірілімдер жалғасын табуда. Кезекті түсірілімнің бірі – “Баталы ел” бағдарламасы. Түсірілім үшін арнайы  2024 жылы өткен “Ақсақалдар арасындағы Республикалық бата жарысы” жеңімпазы, жерлесіміз – Шақан Төлеубайұлы көрермендерге батасын арнап, “Мұнара” арнасының жаңа маусымына құттықтау жолдады.

Келесі түсірілім кезегі “Бабалар сөзі” бағдарламасына арналды. Бұл бағдарлама ата-бабамыздан  дарып келе жатқан термелерді өскелең ұрпаққа жеткізу. Арнайы түсірілім үшін өнерпазымыз – Саяхат Төлеубайұлы қатысып, домбыраның әуезді үнімен терме орындады.

Абай облысының имамдарының қатысуымен – “Отбасы кодексы” бағдарламасына арнайы бөлімдер түсірілді. Түсірілімге арнайы “Абай Құнанбайұлы” орталық мешітінің наиб имамы – Омаров Ерлан, “Тыныбай” мешітінің бас имамы – Алтыбай Мақсат, “Тыныбай” мешітінің наиб имамы – Меллетұлы Ардақ және “Ағаш” мешітінің бас имамы – Мақажанов Дәулет қатысты. Имамдар жанұяға қатысты әр түрлі тақырыпта уағыз насихат айтты.

Абай облысының Бас имамы – Асқар Әбітайұлының қатысуымен “Иманым-жиғаным” атты бағдарламаға сұхбат жүргізілді. Сұхбат барысында Асқар Әбітайұлының осы салада жүріп өткен жолы, білім алған ордасы және жеке өмірі жайлы сұрақтарға жауап алынды.

Аталған бағдарламаларды қазан айының бірінші жұлдызынан бастап “Мұнара” телеарнасының жаңа маусымынан тамашалай аласыздар.