Серікбай қажы ОРАЗ, Қазақстан мұсылмандары діни
басқармасының төрағасы, Бас мүфти
Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын!
Халқымыз: «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің», – дейді. Алла Тағала Қасиетті Құранның «Бақара» сүресінің 272-аятында:
Сөз маржанын теріп, өсиет қалдырған жырауларымыз:
«Өзін ғана ойлаған,
Жамандықтың белгісі.
Өзгені де ойлаған,
Адамдықтың белгісі», – деп жырлайды.
Қайырымдылық – сауабы мол амалдың бірі. Алла Тағала «Әли-Ғимран» сүресінде:
Исламда «садақа жария» деген ұғым бар. Қоғамның, халықтың игілігі үшін жасалған сауапты істерді «садақа жария» дейді. Мешіт, медресе, аурухана тұрғызу, көше, көпір салу, ауызсуы жоқ ауылдарға су тартып, құдық қаздыру, міне, бұлар халықтың игілігі үшін жасалған сауапты істер. Тіпті, мұсылманның көңілін көтеріп, үміт сыйлау, түк бере алмасақ та, оған жымиып қараудың өзі – сауап. Сауапты көктен іздеп қажеті жоқ. Ол біздің айналамызда. Қамкөңіл жанға көмек қолын созу – ол да қайырлы іс.
Бірде пайғамбарымыз Мұхаммедтен (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір кісі: «Уа, Алланың Елшісі, ең жақсы адам кім?» – деп сұрайды. Сонда ол:
Өз отбасымыздан бастап, көрші-қолаң, ағайын-туыстарға, жалпы жұртқа шарапатымызты шашып, қайырымдылығымызды көрсету – мұсылмандық әрі азаматтық борышымыз.
Алла Тағаланың бір адамның ризығы мен нығметін өзге кісілерден артық не кем беріп қоюында үлкен хикмет бар. Демек, байдың малында мұқтаждың хақысы бар деген сөз. Дәулетті кісі Алланың берген нығметін Оның разылығы жолында садақа етсе – үлкен сауапқа кенеледі.
Еліміздің кейбір жомарт жігіттері өзінің туып-өскен ауылына бала-бақша, мешіт, көпір, жол, спорт кешенін, т.б. салып беріп, халықтың ықыласына бөленуде. Әрбір азамат елдің игілігі үшін осылайша қолдан келген көмегін көрсетсе біздің қоғам жан-жақты дамиды.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өзінің сан-салалы қызметі аясында негізгі төрт бағыт бойынша жұмыстарға басымдық береді. Соның бірі – қайырымдылық. Біз бар мүмкіндігізді пайдаланып, жомарт жандардың демеушілігімен Ақтау қаласында тұңғыш рет қайырымдылық мекемесін аштық. Мақсат – қазақ балаларын оқытып, оларды отаншылдық, патриоттық, имандылық бағытта тәрбиелеу, ғылымға, өнерге, әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, шығармашылық қабілетін дамыту, т.б.
Тұрмысы төмен, көпбалалы отбасыдан шыққан өскелең ұрпақ осы Қайырымдылық мекемесінде білім алып, рухани дүниетанымын байытуда. Олар тамақпен тегін қамтамасыз етіледі. Барған бала әрі демалады, әрі рухани азық алады. Оның бойына имандылықпен қоса Отанға деген құрмет, сүйіспеншілік құндылықтары егіледі. Осындай Қайырымдылық мекемесін өзге де облыстарда ашуды көздеп отырмыз.
Бұл қайырлы істі қолға алудағы ниетіміз: біріншіден, жастарды жақсылыққа, ізгілікке, қайырымдылыққа тәрбиелеудің мол мүмкіндігі ашылады. Екіншіден, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларына материалдық қолдау көрсетіледі. Үшіншіден, елімізде мемлекетшіл, иманды жастар тобы қалыптасады. Төртіншіден, Қайырымдылық мекемесінің түлектерін жұмыспен қамту, олардың таңдаған мамандықтары бойынша оқуға түсіру мәселелері қарастырылады. Бесіншіден, дені сау, көкірек көзі ашық ұрпақ сабақтастығы жалғасады. Ең бастысы халыққа пайдасын, шарапатын тигізетін жас буынның қатары артады.
Өресі биік, пайымы кең, салмақты, байыпты, иманды ұрпақ ұлттың ұлы мақсаты мен мұратын орындауға үлкен үлес қоспақ.
Халқымыз:
«Ер қолында мал тұрмайды,
Елек ішінде су тұрмайды», – деп жомарт жігітті нағыз ер деп бағалаған. Осы ретте Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының игі шараларына үлес қосып жүрген жомарт жандарға айрықша алғысымды жеткіземін. Алла разы болсын!
Ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзінің қасиетті хадис-шарифінде мұсылман үмбетіне:
Алла Тағала баршамыздың жасаған қайырлы амалдарымызды қабыл етіп, Өзіне лайықты құл, пайғамбарына лайықты үмбет болуды нәсіп еткей! Әмин!