Семей Қос мұнаралы орталық мешітінде Қала аудан имамдарына арналған жиналыс болып өтті. Жиынға қатысқан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қайырымдылық және уақып істері бөлімінің меңерушісі Тұрдыбаев Камалжан Бекбосынұлы қала, аудан имамдарына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының ыстық сәлемін жеткізіп жаңа басшыны таныстырды.
Семей қалалық Қос мұнаралы орталық мешітінің наиб имамы Алтыбай Мақсат Қуанышұлы қала, аудан имамдарын жеке жеке өкіл имамға таныстырып өтті.
Жаңа келген өкіл имам Мұқанов Асқар Әбітайұлы жиын барысында қазіргі таңда имамдар еліміздің Бас мүфтиі талап етіп отырғандай, әдеп пен парасаттылықты жоғары қойып, қалың жұртшылықты имандылыққа, ізгілікке баулу мақсатында бірігіп жұмыс істеу керек екендігін айтып өтті.
Көпшілікке мәлім, халықпен жұмыс істеу де имамдардан біліктілікті, жоғары мәдениетті, іскерлікті қажет ететіндігі даусыз. Сондықтан әрбір мешіттерге келіп түскен азаматтардың хаттарына мүмкіндігінше толыққанды жауап беру басты назарда ұстау керектігін ескертті, сөз соңында аудан және қала мешіттері имамдарына нақты тапсырмалар берді.
Семей орталық мешітінің баспасөз қызметі