1 ЖЫЛДА 14 847 СҰРАҚҚА ЖАУАП БЕРІЛДІ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының шариғат және пәтуа бөлімінің мамандары мен аймақтағы өкілдері 2019 жылы 14 847 сұраққа жауап берді.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының шариғат және пәтуа бөлімінің мамандары мен аймақтағы өкілдері 2019 жылы 14 847 сұраққа жауап берді.

ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің басшысы Сансызбай Құрбанұлының мәлімдеуінше, жеке тұлғалар көкейдегі сауалын пошта, телефон, жеке кездесу арқылы қойған. Сонымен қатар, әлеуметтік желі арқылы сауал жолдаған азаматтардың көтерген мәселесіне қатысты жауап жазылған. Сауал қоюшылардың басым бөлігі отбасы мәселесі бойынша кеңес сұраған.

«Қазір қала, облыс орталықтарындағы мешіттерде call center жұмыс істейді. Кез келген сұрақ бойынша мешіт имамы немесе пәтуа саласына жауапты мамандар жауап береді» дейді С.Құрбанұлы.