Кездесу барысында ұстаз Сансызбай Құрбанұлы жат ағымдармен күресудің жолдары, дәстүрлі ислам дінін насихаттаудың тиімді тұстары жөніндегі ойларымен бөлісті.
«Алла адамзатты жаратқаннан соң олардың қалай тұрып, қалай жүру керек екенін білдіру үшін пайғамбарлар арқылы дін жіберді. Ислам діні 14 ғасыр бұрын келді. Ислам – араб тілінде бейбітшілік, тыныштық деген мағына береді. Яғни, екі дүние сардары болған Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбарымызға қасиетті Құран Кәрім кітабы түсті. Құран – адамзатқа тура жол көрсетуші, ақ пен қараны айырушы кітап. Исламның әлемдік дінге айналуының сыры неде? Ол адамзатқа Алланың бар және бір екендігін, барша әлемді бір Алланың жаратқандығынан хабар беріп, адамдар арасында тәртіп орнатып, бауырластыққа бастайды. Адамммен адамның жаратылысының тең екендігін, бақытты болудың жолын көрсетеді» деп атап өткен ұстаз жамағат тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.
Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.
Пікір қалдыру