ҚМДБ: 13 ШІЛДЕДЕ ЕЛІМІЗДІҢ БАРЛЫҚ ӨҢІРІНДЕ ҚҰРАН ХАТЫМ ДҰҒАСЫ ЖАСАЛАДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық Үндеуінде 13 шілде – Ұлттық аза тұту күні болып белгіленгенін айтқан болатын. Осыған орай ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен еліміздегі республикалық, облыстық ірі-ірі мешіттерде және медреселерде, қарилар даярлау орталықтарында 100 (жүз) Құран Хатым оқылуда.
13 шілде күні елорда уақытымен сағат 13:00-де осы күндері қариларымыз оқып жатқан Құран Хатымның дұғасы жасалады. Ал Бас мүфтидің қатысуымен республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде жасалатын Құран Хатым дұғасына ҚМДБ-ның Instagram желісіндегі ресми парақшасы және YouTube каналы арқылы онлайн қосылуға мүмкіндік бар.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміздегі барша мұсылман қауымын осы күндері шама келгенше Құран оқып, Алланы зікір етіп, кешірім тілеп және Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) көптеп салауат айтып, республика имамдарымен, қариларымен 13 шілде күні бір мезетте ел амандығы үшін дұға жасауға шақырады.