АЯГӨЗ АУДАНЫ: “АЛЛАНЫҢ НАЗАРЫ – ЖҮРЕКТЕ” ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

Аягөз қалалық мешіті жанынан құрылған “Әйел-қыздар” секторы мүшелеріне “Алланың назары – жүректе” атты тақырыпта дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Мешіт ұстазы Әсел Рымғалиқызы “жүрек тазалығы” жайлы уағыз – насихат айтып, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Мешіт тарапынан қатысушыларға ыстық кофе мен торт ұсынылды.