АБАЙ: ҚМДБ “QAMQOR SHARAPAT” ОРТАЛЫҒЫНА ҚАРАСТЫ ТАҒЫ БІР БӨЛІМШЕСІ АШЫЛДЫ

Абай облысы Семей қаласындағы Тас мешітінің жанынан ҚМДБ “QAMQOR SHARAPAT” орталығының жаңа бөлімшесі ашылды. Абай облысының Бас имамы Асқар Әбітайұлы жаңа мекемемен танысып өтті.

Жаңа орталықтың іші соңғы үлгідегі жабдықтармен жабдықталған. Үш мәйітті сақтауға арналған мұздатқыш, табыт, санитарлық талаптарға сай мәйіт жуатын орындар қамтылған.

Асқар Әбітайұлы “QAMQOR SHARAPAT” орталығы бөлімшесінің салынуына мұрындық болған Тас мешітінің имамы Салимов Нұрбек және демеушілік көрсеткен кәсіпкерлерге алғысын білдірді.