Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының мерейтойына белсене қатысқан Абай облысының имамдарына Абай облысының әкімі Берік Уәли арнайы алғыс хатпен марапаттады. Алғыс хатты Абай облысы дін істері басқармасының басшысы Сейітбек Абиурұлы арнайы табыстады.
Хакім Абайдың 180 жылдық мерейтойында Аба облысы мешіт имамдары мен қызметкерлері белсенді түрде атсалысты. Дүбірлі мерейтой қарсаңында облысымыздың мешіттері мен Абай облысы дін істері басқармасы біріге отырып, Қарауыл төбесінде он қанатты киіз үй тікті. “Абай Құнанбайұлы” орталық мешіті үш күн бойытой қонақтарына арнап ақ дастархан жайып, қызмет көрсетті.
Сондай-ақ, “Мұнара” телеарнасының Абай облыстық өкілдігі мамандары он күнге созылған мерейтой қарсаңындағы іс-шараларда арнайы репортаждар жасап, республикалық “Мұнара” телеарнасынан көрсетілді.
Өз кезегінде Абай облысының Бас имамы Асқар Әбітайұлы алғыс хат марапаттаған облыс әкіміне ризашылығын білдіріп, дін мен рухани салада қызмет етуден шаршамайтындығын жеткізді. Абай облысының дін істері басқармасы басшысына алдағы уақытта да бірігіп жұмыс жасауға, қолдан келгенше көмек көрсетуге дайын екендігін айта өтті.































Пікір қалдыру