Айтулы шара барысында Семей өңірі бойынша бас имамы Асқар Әбітайұлы ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының қолға алып отырған игі шараның маңыздылығына тоқталып, арнайы құттықтау сәлемін жеткізді.
«Қайырымдылық жасау – қайырлы іс. Мұқтаж жандардың қажетін өтеу – Пайғамбарымыздан (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қалған асыл сүннетіміз.
Бородулиха ауданының тұрмыс жағдайы төмен 10 отбасыға арнайы азық-түлік себеттері (ұн мен макарон өнімдері, күріш, қарақұмық, қант, сұйық май, шай) үлестірілді, және «Мектепке жол» аясында 10 оқушы балаға мектепке қажетті оқу құралдары берілді.
Шара соңында, мұқтаж жандар дін қызметкерлеріне алғыстарын айтып, жасап жатқан игі істеріне ризашылықтарын білдірді.
Алдағы уақытта осындай іс – шаралар Бесқарағай, Шар, Курчатов, Абай аудандарында жалғасын таппақ.
Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.
Пікір қалдыру