Семей өңірінің Бас имамы іс сапармен Курчатов қаласына барды

Курчатов қаласына арнайы сапармен келген Бас имам Асқар Әбітайұлы алдымен қала әкімшілігінің ғимаратына ат басын бұрды.

ҚМДБ-ның Семей өңірі бойынша бас имамы Асқар Әбітайұлы Курчатов қаласының әкімі  Алексей Юрьевичпен кездесті.  Кездесу барысында қаладағы діни ахуал мен қоғамдық мәселелерді шешу жолдары жайлы сөз қозғады. Семей өңірі бойынша Бас имамы  Курчатов қалалық мешітінің сыны кетіп ескіргенін айтып, жаңа мешіт салу турасында сөз қозғады.  Өз кезегінде әкім Алексей Юрьевич әкімшілік тарапынан мешіт салуға әрдайым қолдау көрсететінін айтты. Дәстүрлі дінімізді насихаттап, халқымыздың рухани дамуын бірлесе дамытуға шақыра отырып, Асқар Әбітайұлы асыл дініміздің гүлденуі үшін аянбай еңбек етуге шақырды. Кездесу соңында Бас имам әкімге Құран кітабын сыйға тартты.

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.