ҮРЖАР: ЕЛДІМЕКЕНДЕ КӨПІР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының құрылғанына 30 жыл толуына орай "30 игі іс" шарасы аясында аудан орталығы - Үржар ауылының шетіндегі өткелде жаңадан салынған жүргіншілер көпірі қолданысқа берілді.

Ашылу салтанатында Үржар ауданының әкімі Нұржан Токсейтов және Үржар елді мекенінің тұрғындары қатысты. Үржар ауданының бас имамы Ұлан Ермекұлы ең алдымен ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының сәлемін жеткізіп, «30 жылдыққа 30 игі шара» аясында игі іске мұрындық болған азаматтарға алғысын білдірді. Шара барысында Үржар аудан әкімі Нұржан Токсейтов бас имам Ұлан Ермекұлын алғыс хатпен марапаттады.

Үржар елдімекенінің тұрғындарына тарту етілген бұл көпір аудан мешіттерінің жамағаты мен жомарт жандардың ұйымдастыруымен салынды.

Үржар аудандық баспасөз қызметі.