Маңызды құжаттар таныстырылымы

Аягөз қалалық мешітінде аудан имам – молдаларының жиыны өтті.

ҚМДБ тарапынан Республика имамдарының IV онлайн – форумында  қабылданған құжаттар жайлы аудан имамы Алмас Айткәрімұлы кеңінен баяндап өтті. Соның ішінде «Зират және зиярат мәдениеті», «Ас беру мәдениеті» және «Зияткер имам» тұжырымдамасын халық арасында кеңінен насихаттап, жаназа, қабір мәселелерін бірізділікке келтіру жайлы сөз қозғалды. Бұл ретте имамдар жұртшылық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізумен, атқарылатын шаралар қатары пысықталды.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі