ҚМДБ бекіткен 7 бағыт

Аягөз орталық мешітінде ҚМДБ бекіткен 7 бағыт жайында жиын өтті.

Кеңінен айтар болсақ, «Ақпарат және қоғаммен байланыс», «Уағыз насихат», «Қайырымдылық», «Оқу – ағарту және кадрлық әлеует», «Рухани тәрбие Ихсан ілімі», «Дін мен дәстүр», «Жат діни ағымдармен жұмыс» бағыттары. Бас имам Алмас Айткәрімұлы жеті жұмыс бағыты бойынша бекітілген жоспар бойынша атқарылар істердің жауапкершілігіне тоқталды. Ауыл имамдарының тарапынан қойылған сауалдарға тұщымды жауаптар берілді.

 Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі