Семей аймағының Бас имамы Мұқанов Асқар Әбітайұлы  Аягөз ауданы әкімімен кездесті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Семей аймағының Бас имамы Мұқанов Асқар Әбітайұлы  Аягөз ауданына арнайы іс сапарымен келді.

Аягөз ауданына арнайы Шығыс Қазақстан облыстық дін істері басқармасының басшысы Құнанбаев Нұржан Есенгелдіұлы, Дін мәселелерін зерттеу орталығының директоры Қыдырмоллаев Ернат Қыдырмоллаұлы және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Семей аймағының Бас имамы Мұқанов Асқар Әбітайұлы  Аягөз ауданына арнайы іс сапарымен келді.

Іс сапар барысында, Аягөз ауданының әкімі  Искаков Сейілбек Абиұрұлының қабылдауында болды. Кездесу барысында аудандағы діни ахуал, діни тұрақтылық жайында және әлеуметтік жағдаймен қатар мешіттіің жай – күйіде сөз болды.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі