Семей қалалық Қос мұнаралы мешітіне жаңа бас имам тағайындалды

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Семей қалалық «Қос мұнаралы» мешітіне бас имам тағайындалды.

Тарихи мешітке Аманжолов Біржан Аманжолұлы бас имам болып бекітілді. Семей аймағы Абай Құнанбайұлы атындағы  орталық мешітінің Бас имамы Асқар Әбітайұлы жұма намазында «Қос мұнаралы»  мешітінің жамағатына жаңа имамды таныстырды.

Аманжолов Біржан Аманжолұлы діни салада тәжірибесі мол. Біржан Аманжолұлының білімі мен біліктілігін, тәжірибесі мен іскерлігін ескеріп, тарихи «Қос мұнаралы» мешітінің бас имамы қызметіне тағайындады. Бұл лауазымды қызметтерді жоғары деңгейде атқарады деген сенімдемізі», – деп атап өтті Бас имам Асқар Әбітайұлы.

Семей Абай Құнанбайұлы атындағы баспасөз қызметі.