Бородулиха аудандық Мәдениет үйінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Семей өңірі бойынша Бас имамы Асқар Әбітай мырза Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жетекшілігімен жарыққа шыққан “Ихсан – рухани тәрбие негізі” кітабының танытымын өткізді.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ресми қабылдауында мүфтият халық арасында ихсан ілімін насихаттайтынын атап өткен болатын.
Ихсан – адамның иманын бекемдеп, құлшылыққа деген құлшынысын арттыратын, адамгершілікке тән игі қасиеттерді кемелдендіре түсетін рухани ілім.
Сөздікте “жақсылық”, “игілік” деп келетін “ихсан” сөзінің шариғаттағы терминдік мағынасы бір нәрсені қолға алғанда оны “ең әдемі, ең кемел түрде жасау” дегенді білдіреді.
Осы игі қасиеттерді бойға сіңіру, ісіне адал болуды, әрбір істі адамзаттың игілігіне жасау қажеттігін баршамыз түсінгеніміз абзал. сондықтан осы кітаптың құндылығы жайында, осы іс-шараның маңызы мен мақсаты турасында әңгіме өрбіту үшін Асқар Әбітайұлы аудан тұрғындарымен ақпараттық – түсіндіру жұмысын өткізді.
Өз баяндамасын Абай ілімімен ұштастыра отырып адалдық, адамгершілік, шыншылдық, қарапайымдылық сияқты ізгі амалдардың қоғамда кеңінен таралуы үшін рухани сусындау қажеттігі туралы атап өтті.
Семей қаласындағы “Абай Құнанбайұлы” атындағы орталық мешітінің баспасөз қызметі
Пікір қалдыру