ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ «ТЕГІН ТАКСИ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ (ФОТО)

Семей қалалық мешіт имамдарының бастамасымен Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына байланысты «Тегін такси» акциясы басталды.

Семей қаласының Бас имамы Асқар Әбітайұлы: «Баршамызға қастерлі мерекеміз Тәуелсіздіктің 30 жылдығы құтты болсын. Қазақ халқы өзінің еркіндігіне, дініне, тіліне, тарихына осы тәуелсіздіктің арқасында оралды.  Осы қастерлі мерекемізді насихаттау, қоғамды бір біріне біріктіру, мейірімділік орнату , халықты бір біріне тұтастыру мақсатында  тамшыдай болса бір амалды жүзеге асыруды ұйғардық. Бұл Тәуелсіздік күніндегі “тегін такси” акциясы. Бұл жерде әр ерікті өз көлігімен осы акцияға қатыса алады.   «Тегін такси» акциясы желтоқсан айының 16-17 жұлдызында ел тәуелсіздігінің 30 жылдығының аясында жүзеге асады» деді.
Автокөліктерге «Тегін такси» жапсырмалары жабыстырылып,  қаламыздың бір топ көлігі бар еріктілері мен мешіт имамдары  екі күн бойы Семей жұртшылығын баратын жерлеріне тегін апарады.

“Абай Құнанбайұлы” атындағы орталық мешітінің баспасөз қызметі