Аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Диас мырза қазіргі таңдағы Елімізде болып жатқан жағдайды түсіндіре келе жастарды Ел патриоты болуға шақырды.
«Басты мақсатымыз – теріс діни ағымдардан сақ болуға шақыру, деструктивті ағымдардан жастарымызды қорғау, адамның рухани жетілуі, түрлі жат діни экстремизм, терроризм сынды бағыттарға жоламауға үйрету. Жастардың уақытын үнемді өткізу. Әлеуметтік желіні дұрыс пайдалануға үндеу. Адамгершілікке, мейірімділікке, имандылыққа тәрбиелеу. Діннің тарихын, мәнін түсіну және оның қоғамда алатын орнын анықтау» деді аудан имамы Тимур Қайдарұлы.
Колледж шәкірттері мен оқушы балалар имамға сауалдар қойып, тұшымды жауап алды. Ал мұндай жүздесулер алдағы уақытта жыл бойына жалғаса бермек дейді ұйымдастырушылар.
Жарма аудандық мешітінің баспасөз қызметі
Пікір қалдыру