Семей қалалық «Абай Құнанбайұлы» атындағы орталық мешіттің наиб имамы, ЖАНТ мүшесі Ерлан Досымұлы медицина қызметкерлері – ақ халатты абзал жандармен кездесті. Адам өміріне арашашы жандарға көктемнің алғашқы күні 1 наурыз елімізде жалпыхалықтық мереке – Алғыс айту күні. Бұл күні жұртшылық бір – біріне құрмет көрсетіп, ризашылығын білдіреді. «Адамдарға алғысы бардың, Аллаға шүкірлігі болады» – деген ізгілерден қалған жақсы сөз бар. Осы орайда Ерлан Досымұлы жанға жайлы уағыз айтып, елге тынбай қызмет етіп жүрген нәзік жандыларға халық атынан алысын жеткізді.
Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі
Пікір қалдыру