Аягөз қалалық мешіті қасиетті айда ҚМДБ тарапынан бастау алып, өткізіліп жатқан қайырымдылық шараларын жалғастырып, 40 отбасына «Рамазан сыйы» қоржындарын үлестірді. Ораза айы – рахым мен ізгілік айы. Ораза ұстаудағы бірінші мақсат – Алла разылығы болса, екіншіден – адамдарға қуаныш сыйлау, қамқорлық таныту. Сондықтан дәстүр болып қалыптасқан бабалар жолымен мұқтаж жанның мұңын бөлісіп, қол ұшын созу, мейірімділік танытып, демеу болу сынды игілікті істер берекелі айдың соңына дейін жалғасын таппақ.
Пікір қалдыру