Аягөз ауданына қарасты Мамырсу ауылы, «Қазығұл ата» мешітінің ұйымдастыруымен ауылдық спорт кешенінде футболдан жарыс өтті. Бұл сайыстың ерекшелігі ертеден қалыптасқан дәстүрді жаңғыртып, көше аралық сайыс болып, ауыл командалары қатысты. Аягөз қалалық мешітінің наиб имамы Дәулет Қинаятұлы сайысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, мерекемен құттықтады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Күшті мұсылман әлсіз мұсылманнан абзалырақ әрі Алла үшін сүйіктірек. Әйтсе де екеуінде де жақсылық бар» – деген, ал бабаларымыз: «Шынықсаң шымыр боласың» – деп салауатты өмір салтын қалыптастыруды насихаттаған. «Қазығұл ата» мешітінің имамы Мұрат Жақсылықұлы күні кеше өткен рамазан айының шарапатын баяндап, алдағы істерге береке тіледі. Ардагер ағалар жастарға ағалық ақылын айтумен қатар, футболды кішкентайынан серік еткендігін айтып өтті. Екі күнге созылған тартысты көше аралық сайыс мәресіне жетіп, жеңімпаздар марапатталды.
Пікір қалдыру