Абай облысы Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен «Пайғамбарға (с.ғ.с) сағыныш» атты мәуліт кеші өтті. Ізгілікке толы кездесуге семейлік әйел жамағаты жиналды. Рухани кеште облыстың Бас имамы Асқар Әбітайұлы Мәуліт айының ерекшелігі мен асыл дініміздегі әйел адамның орны жайында сөз қозғады.
Сонымен қатар, мәуліт кешінде Аллаға мадақ, ардақты Пайғамбарымызға (с.ғ.с) салауат айтылып, мәуліт жыры оқылды. Тағылымы мол көріністер қойылып, жиналған әйел жамағатымен Алла елшісіне қатысты викториналық сұрақ-жауап өткізілді. Сүннет амалдарын айтудан жарысқан қыздардың жүзден жүйрік атанғандары бағалы сыйлықтарға ие болды. Осылайша, кешке жиналған құрметті қонақтар адамзаттың асыл тәжі болған Пайғамбарымызды (с.ғ.с) еске алып, сағынышын басты.
Кеш соңында облыстық Әйел-қыздар секторының жетекшісі Данагүл Төлегенқызы мәуліт мерекесімен құттықтап, кештің өткізілуіне атсалысқан жандарға алғысын білдірді.
Пікір қалдыру