Қасиетті жұма күні Абай облысының бас имамы Асқар Әбітайұлы “Даланбай ата” мешітіне жаңа имамды тағайындады. Бас имам жаңа қызметке бекітілген Ұлан Ермекұлын жиналған жамағатқа таныстырып, алдағы қызметіне сәттілік тіледі. Сондай-ақ, тәжірибелі имамның бұл жұмысты да табысты атқарарына сенім білдірді.
Бұған дейін “Даланбай ата” мешітінде бас имам қызметін абыройлы атқарып, жамағаттың бірлігі мен ұйымшылдығына үлкен үлес қосып, дін жолында белсенді қызмет атқарған Айбек Шабажановқа шапан кигізіліп, алғыс хат табысталды. Алдағы уақытта Айбек мырза Семей қалалық мешіттердің бірінде қызметін жалғастыратын болады.
Пікір қалдыру