СЕМЕЙЛІК ЖАМАҒАТҚА “ПӘТУА САҒАТЫ” ӨТКІЗІЛДІ

Абай облысына арнайы іс-сапармен келген ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти, “Шариғат және пәтуа” бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы жұма намазынан кейін жамағатпен кездесіп “Пәтуа сағатын” өткізді.

Жиналған жамағатқа діни басқарманың ғұламалар кеңесінде қабылданған пәтуалар жіті түсіндірілді. Қойылған сұрақтарға шариғат шеңберінде жауап беріліп, діни сауатты болудың маңыздылығы жайында уағызын жеткізді.