Рамазан айында Абай облысы “Шариғат және пәтуа бөлімінің” өкілдігі 48 мәрте пәтуа сағатын өткізіп, көпшілік тарапынан туындаған 1251 діни сұраққа жауап берді.
Пәтуаға жауапты мамандарға қойылған сұрақтар жеке және топтық кездесу, қоңырау шалу, әлеуметтік желілер арқылы келіп түскен. Сұрақтардың басым бөлігі Рамазан айына қатысты мәселелер.
Еске сала кетейік, Абай облысы бойынша кез келген діни мәселенің жауабын шариғат және пәтуа ісіне жауапты мамандардан 8 (777) 595 42 34 телефон нөмеріне қоңырау шалу немесе whatsApp-қа хабарлама жолдау арқылы біле аласыздар.
Пікір қалдыру