ОБЛЫС ИМАМДАРЫ ЖАРТЫ ЖЫЛДЫҚТЫ ҚОРТЫНДЫЛАНДЫ

Бүгін Абай облысының бас имамы Асқар Әбітайұлының бастамасымен облыс имамдары жарты жылдықты қортындылады. Жиын барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бекіткен «Дін мен дәстүр», «Ізгі қоғам», «Ихсан және насихат», «Діни оқу-ағарту» және «Жат діни ағымдардан сақтандыру» бағыттары бойынша алты айда атқарған жұмыстары тыңдалып, алдағы жоспарлары талқыланды.

Сондай-ақ облыс имамдарымен Зират және зиярат ету мәдениеті талқыланып, дін қызметкерлері тарапынан бірқатар ұсыныстар қолға алынатын болып шешілді. Қортынды жиналыс жоспарына сәйкес “Әдеп” кеңесі құрылып, мақсаты айқындалды. Атап айтқанда, Діни басқарманың қызметін жетілдіру және дін қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін кәсіби әрі жауапкершілікпен атқаруы мен діни қызмет барысында әдеп ережелеріне сай қызмет етуін жүйелеу.

Жиын соңында жуырда елордада өткізілетін «Имам – ізгі қоғам жаршысы» V Республикалық имамдар форумына қатысатын дін мамандарының тізімі жасалып, дайындық жұмыстары жүргізілуі қажет екені айтылды.