Ардақты Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кімде-кім ораза ұстаушының аузын аштырса, ораза ұстаған адамның сауабындай сауапқа ие болады», – деген екен.
Мұсылман адам әрқашан ізгі амалдың сауабы ең көбін істеуге тырысатыны анық. Ауызашар дастарқанын жаюға ең лайықты адамдар – білім жолында жүрген студенттер екені айтпаса да түсінікті шығар.
Жыл бойы, әсіресе, Рамазан айында түрлі қайырымдылық шараларға бастамашы болып жүрген Абай облыстық «Зекет және қайырымдылық» қоры өкілдері осыны ескере келе Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті №4 Студенттер үйінің студенттеріне 130 адамға арнап Ауызашар себеттерін, яғни, кешкі ас пен жеміс-жидектер апарып берді. Сондай-ақ, тұтқан оразаларының қабыл болуын тілеп, жастарға білімнің маңыздылығын ескертіп, уақыттың қадірін білуге шақырды.
Өз кезегінде студенттер де разылықтарын білдіріп, қайырымдылық жаршыларына алғыстарын айтты.
Пікір қалдыру