АБАЙ ОБЛЫСЫ: 1256 ОТБАСЫҒА РАМАЗАН ҚОРЖЫНЫ ТАРАТЫЛДЫ

Рамазан – қайырымдылық айы. Алла елшісі (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өте жомарт жан еді. Ал, Рамазан айында жомарттығы одан сайын еселене түсетін. Өйткені, бұл ай сауаптар еселеніп жазылатын ай.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы осындай қасиетті айда «Рамазан қоржыны» атты қайырымдылық акциясын жариялаған болатын. Абай облысы қалалық және аудандыө мешіттері де осы акцияға өз үлестерін қосып, Рамазан айында ұзын-саны 1256 отбасыға азық-түлік қораптарын таратты. Осыншама отбасының бір айға жуық қолдануына қажетті азық-түліктермен қамтамасыз етті.

Алла Тағала қасиетті айдағы сауапты амалдарымызды қабыл етсін!