РАНТ МҮШЕСІ СТУДЕНТТЕРМЕН СҰХБАТТАСТЫ

РАНТ мүшесі, ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің бас маманы Думан Нәдірұлы Абай өңіріне сапары барысында Семей мемлекеттік Медициналық университет студенттерімен кездесті.

Болашақ дәрігерлермен сұхбат барысында білім-ғылымның артықшылығы, адамдарға көмектесудің сауабы, “Бір адамды жазықсыз өлтірген адам бүкіл адамзатты өлтіргенмен тең. Бір адамды тірі алып қалған адам, бүкіл адамзат баласын тірі алып қалғанмен тең”, – деген мазмұндағы аятты (Мәидә сүресі, 32-аят) таныстырды. Алла елшісінің (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) “Алла Тағала әрбір дерттің емін жаратқан”, – деген хадисін (Сахих Муслим риуаят еткен) жеткізіп, болашақ медицина мамандардың алдында қазіргі таңдағы алуан түрлі аурулардың емі мен алдын алу жолын табу міндеті тұрғанын, ол үшін білімге терең ден қою қажеттігін айтты.

Сондай-ақ, жастарымыздың санасы теріс тарапқа бұратын түрлі жат идеологиялар мен ағымдардың арбауына түсіп қалмау үшін әрбір адам білуге тиісті мәліметтермен бөлісті.