АБАЙ ОБЛЫСЫ: 1000 БАЛА МЕКТЕПКЕ ҚАЖЕТТІ ҚҰРАЛМЕН ҚАМТЫЛДЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен Абай облысында «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылуда. Игі шара аясында әлеуметтік осал топтағы және көпбалалы отбасы санатындағы 1000 баламектеп сөмкелері мен оқу құралдарымен қамтылады.

Бүгін Семей қаласында 300 балаға қажетті құралдар табысталды. Қалған 700 бала өңірге қарасты аудандар мен қалаларда білім алады. Акция аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан мектеп оқушыларына, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бүлдіршіндерге, сондай-ақ, көп балалы мешіт қызметкерлерге көмек көрсету мақсатында өтті.

Өйткені әр бала отбасының әлеуметтік жағдайына қармастан, сапалы білім алуға толық құқығы бар. Шара кезінде ҚМДБ Абай облысы бойынша бас имам Асқар Әбітайұлы оқушыларды келе жатқан жаңа оқу жылымен құттықтап, білім алудың маңыздылығы жайлы насихат айтты.