Абай Құнанбайұлы атындағы орталық мешіті жанындағы студенттер үйінде имамдардың біліктілігін арттыру курсында тәлім алып жатқан ауыл имамдарына “Уағыз айтудың әдебі мен мәдениеті” атты семинар өтті.
Аталған семинарға спикер болып РАНТ мүшесі, Өскемен орталық мешітінің наиб имамы – Бекзат Азатбекұлы келді.
Бекзат Азатбекұлы уағыз – насихат айтудың маңыздылығын, уағыз-насихаттың түрлерін, пайдаланылатын негізгі дереккөзді, уағыз-насихаттың құрылымын, уағыз-насихат айтушының сипатын, әдіс-тәсілдерін, уағыз-насихатының сипатын толыққанды талдап, баяндап өтті.
Уағыз айтушыға қойылатын талаптар жайлы, атап айтқанда, киім кию, сөз саптау этикасы туралы, сондай-ақ уағыз айту барысында жіберілетін қателіктер туралы мәлімет берді. Кездесу соңында қатысушылар өз сұрақтарын қойып, тұщымды жауап алды.






















Пікір қалдыру