МАҚАНШЫ АУДАНЫНА ЖАҢА БАС ИМАМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ҚМДБ, Абай облысы өкілдігі Мақаншы ауданы бойынша жаңа бас имам тағайындалды. Бұл қызметке Нұр-Мүбәрак Ислам университетінің биылғы жылғы түлегі Жұмақанов Ұлан Нұрмұхаметұлы бекітілді.

Абай облысының бас имамы Мақаншы аудандық орталық мешітінде Жұма уағызын жүргізіп, жиналған жамағатқа жаңа имамды таныстырып, Бас мүфтидің бұйрығын оқып берді.

Айта кетейік, Ұлан Нұрмұхаметұлы Нұр-Мүбәрак университетіне оқуға бармай тұрып бірнеше жыл Мақаншы өңірінің бас имамы қызметін атқарған еді. Ал, осы күнге дейін Мақаншы ауданының бас имамы қызметінде болған Құдагелді Береке аталмыш ауданда наиб имам қызметіне бекітілді. Абай облысының бас имамы Асқар Әбітайұлы  осы уақытқа дейін жемісті қызмет атқарып келген Құдагелді имамға алғыс хат табыстап, Мақаншы халқы құрметпен иығына шапан жапты.

Ұлан Нұрмұхаметұлының алдағы жауапты қызметіне сәттілік тілейміз!