Абай Құнанбайұлы атындағы орталық мешітінің жанындағы “Дін мен дәстүр” орталығында “Адал кәсіп береке, Уақып сарқылмас сауап” атты рухани жиын өтті.
Рухани кешке арнайы Нұр-Мүбәрак университетінің прорекоры, Ершат Оңғарұлы, PhD доктор – Ершат Оңғарұлы, елімізге белгілі ұстаз – Қабылбек Әліпбайұлы және алаштанушы Елдос Тоқтарбай қатысты. Одан бөлек облысымыздың дін қызметкерлері, болашақ ұрпақтың мүддесі үшін қызмет етіп жүрген кәсіпкерлер мен мешіт жамағаттары қатысып, көзайым болып қайтты.
Аталған жиынның шымылдығын орталық мешітітің ұстазы Ералы қари Нугуман құран аяттарымен бастады. Кештің басында Нұр-Мүбәрак университетінің проректоры сөз бастап, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қолдауымен өтіп жатқан шараның мақсатын жиылған жұртқа түсіндіріп, Нұр-Мүбәрак қорымен таныстырып өтті. Барлығымызға белгілі қасиетті діни оқу орнына қызығушылығы артып жатқан шәкірттердің көптігіне байланысты университеттің жанында салынып жатқан жаңа корпусының жөндеу жұмыстарына атсалу мақсатында игі іске себепкер болуға үндеу жасады. Болашақта осы оқу орнынан дінге адал қызмет көрсететін, ұлтжанды, қоғамға қызмет ететін шәкірттердің шығуына үлес қосуға шақырды.
Өз кезегінде Қабылбек Әліпбайұлы жиылған жамағаттың рухани шараға атсалысқандары үшін алғысын білдіріп, уағыз-насихатын жолдады.
Алаштанушы Елдос Тоқтарбай – “Қадірлі Алаш қаласының тұрғындары! Мен үшін бұл жер – Мекке, Медина сияқты қасиетті жер. Мен өзім рухани құбылам деп осы Семейді білемін! Өйткені Семей мен үшін – қазақтың айнасы! Әрбір алашты танушы ғалым үшін Семейден асқан қасиетті жер жоқ!”, деп өзінің ыстық ықыласын білдіріп, қаламыздың сонау тереңде жатқан тарихына бір шолу жасап өтті.
Кеш соңында Абай облысының Бас имамы Асқар Әбітайұлы рухани кешке жиналған дүйім жамағатқа алғысын білдіріп, осындай сауабы мол іске бірге атсалысуға шақырды.


























Пікір қалдыру