ҚМДБ Төраға орынбасары, наиб мүфти, ҚМДБ жанынан құрылған РАНТ мүшесі – Сансызбай қажы Құрбанұлы Абай облысына ресми іс-сапармен келіп, бірқатар кездесулер мен уағыз-насихат жиындарына қатысты.
Атап айтқанда, Абай облысы имамдарымен кездесіп “Ислам және отбасы құндылығы” атты семинар жүргізді.
Сонымен қатар, Абай облыстық Діни бірлестіктер басшылары клубының отырысына қатысып, өз ойын ортаға салды. Жиын барысында Ислам дінінің береке-бірлік пен толеранттылыққа ерекше мән беретінін баса атап өтті.
Одан бөлек, Семей медициналық университетінің студенттерімен кездесіп, тағылымды насихатын айтып, жастарды “Жастық, бос уақыт, денсаулық және қайрат” атты нығметтерді бағалауға шақырды.
Өз кезегінде студенттер тарапынан қойылған медициналық мәселелерге қатысты шариғаттың көзқарасы туралы бірқатар сұрақтарға жауап берді. Атап айтқанда, “Адамның ағзаларын науқасқа трансплатациялау, Қиналып жатқан науқасқа эфтаназия жасау” сынды сұрақтар жайлы ҚМДБ пәтуаларын түсіндіріп өтті.
Сондай-ақ, іс-сапар барысында Абай Құнанбайұлы атындағы орталық мешітінде құптан уағызын жүргізіп, жамағаттармен жүздесті. Кездесу барысында түрлі тақырыптарда уағыз-насихат айтылып, жамағаттар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.






























Пікір қалдыру