Абай Құнанбайұлы атындағы облыстық орталық мешітте Абай облысы имамдарының 2025 жылғы қорытынды есеп беру жиыны өтті. Атаулы жиынның шымылдығын Абай облысының Бас имамы Асқар Әбітайұлы ашып, дін қызметкерлерінің Алла жолындағы сауапты қызмттеріне алғыс білдіре отырып, қалалық және аудандық мешіт имамдарының жылдық есептерін тыңдады.
Жиында мешіт имамдары ҚМДБ 2025 жылға бекіткен “Дін мен дәстүр”, “Ихсан және насихат”, “Діни оқу-ағарту”, “Жат діни ағымдардан сақтандыру” сынды 4 бағыт және бөлімдер бойынша атқарған іс-шараларының есебін презентация түрінде баяндады.
Сондай-ақ, Абай облысы бойынша бағыттарға жауапты имамдар мен ұстаздар қорытынды есепке жиналған имамдарға семинар өткізіп, 2025 жылдың қорытынды есебін баяндап өтті.
Жиын соңында Асқар Әбітайұлы имамдардың жұмысын бағалап, тиісті түзетулер енгізіп, алдағы уақытта дәл осындай қарқында жұмыстарымызды жан-жақты жетілдіре түсу керегін атап өтті.





























Пікір қалдыру