АБАЙ ОБЛЫСЫ: ҚМДБ ХАЛАЛ ДАМУ ЖАМАҒАТҚА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

Абай облысы ҚМДБ «Халал Даму» мекемесінің жергілікті өкілі Ардақ Меллетұлы арнайы Әбу Бәкір – Сыддық мешітінің жамағатына семинар өтті.

Семинарда халал ұғымының шариғаттағы орны, адал астың мұсылман өміріндегі маңызы және халал мен харамның ара-жігін ажыратудың жауапкершілігі жөнінде нақты түсіндірме берді. Сонымен қатар, халал талаптарын сақтаудың діни әрі рухани маңызына ерекше назар аударылды.

Жиын барысында жамағатқа күнделікті өмірде халал ұстанымын сақтау, адал ризық табудың берекеті және шариғат талаптарына сай өмір сүрудің маңыздылығы туралы насихат айтылды.

Семинар соңында жамағат көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, тұщымды жауап алды. Шараға қатысқан жамағатқа Ардақ Меллетұлы алғысын білдіріп, арнайы сыйлықтар таратты.