Абай Құнанбайұлы атындағы облыстық орталық мешітте имамдарға арналған «Хадис семинары» өтті. Он күнге созылған семинарда Нұр-Мүбәрак университетінің түлегі, Семей қалалық Тыныбай мешітінің наиб имамы Ардақ Миллетұлы дәріс берді.
Семинарда Хадис ілімінің тарихы, Алла елшісі (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистерінің жинақталу және кітаптарға жазылу барысы, жарх және тағдил ілімі, хадис терминологиясы, хадистердің тізбегі мен мәтініне байланысты жіктелуі мен түрлері сынды бірқатар дәрістер оқылды.
Ислам дінінде Алла елшісінің (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистері Құран Кәрімнен кейінгі екінші орында тұрады және Ислам шариғатының негізгі қайнар көзі болып саналады.
Пікір қалдыру