ӘЙЕЛДЕРГЕ АРНАЛҒАН “АЙЛАРДЫҢ СҰЛТАНЫ- РАМАЗАН” АЙЫНА ДАЙЫНДЫҚ КЕШІ ӨТТІ

Семей қаласындағы “Қосмұнаралы” мешітінің ұстазы – Дариға Қайроллақызы әйел жамағаттарына арнап алдағы қасиетті Рамазан айына дайындық ретінде насихат жүргізді.

Айлардың сұлтаны Рамазанға мұсылман баласы, соның ішінде, әйел жамағатының дайындығы қандай болуы керектігін, жалпы бұл айда ауыз бекітуден бөлек қандай абзал амал-әрекеттерге мән беру қажеттігін, қасиетті айдағы нәпсі тәрбиесі мен көркем мінезге қол жеткізу жолдарын тәптіштей түсіндірген ұстаз уағызы жамағатқа ерекше әсерлі болды.

Уағыз соңында ұстаз жамағаттарға ораза бойынша сұрақтар қойып, дұрыс жауап берген адамға арнайы сыйлықтар табыстады. Әйел жамағаттары да өздерінің көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптарын алды.